Еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық
мұғалім үшін
Жұмысқа 18 жасқа толған, педагогикалық білімі бар, медициналық тексерістен өткен адамдар жіберіледі.
Мұғалім:
өз қызметтік міндеттері мен ЕҚ (еңбек қауіпсіздігі) нұсқаулықтарын білуі тиіс;
кіріспе нұсқаулықтан және жұмыс орнындағы нұсқаулықтан өтуі тиіс;
ішкі еңбек тәртібі ережелерін басшылыққа алуы тиіс;
оның еңбек және демалыс режимі жұмыс кестесімен анықталады;
электрқауіпсіздік бойынша бірінші топқа ие болуы тиіс.
Кабинеттегі жарақат алу қауіптілігі:
жеке қауіпсіздік ережелерін бұзғанда;
электр жабдықтары мен ОТҚ (оқыту-техникалық құралдары) құралдарын қосу кезінде;
шаншитын, кесетін құралдармен жұмыс істегенде.
Жарақаттану жағдайлары туралы мектеп әкімшілігіне хабарлау қажет.
Еңбекті қорғау техникасы ережелерін сақтау.
Электртехникалық емес персоналға жатады және электрқауіпсіздік бойынша 2-ші біліктілік тобы болуы тиіс.
Электроприборларды, розеткаларды және т.б. өз бетінше жөндеуге болмайды.
ОТҚ аппаратурасын лаборант бөлмесінде сақтау.
Еңбек қауіпсіздігі нұсқаулықтарының талаптарын бұзғаны үшін (әкімшілік, материалдық, қылмыстық) жауапкершілікке тартылады.
оқу кабинетінің сабаққа дайындығын тексеру;
электр жарығының дұрыстығын тексеру;
еңбек сабақтарына қажетті құралдарды дайындау;
практикалық сабақтарға, табиғаттану (Қоршаған орта) пәнінде тәжірибелер көрсетуге қажетті жабдықтарды дайындау;
кабинетті желдету;
кабинеттегі санитарлық-гигиеналық жағдайды бақылау.
жеке қауіпсіздікті және ЕҚ нұсқаулықтарының талаптарын сақтау;
оқушылардың тәртібін бақылау;
оқушылардың практикалық тапсырмаларды орындауын қадағалау;
барлық практикалық жұмыстар мен экскурсиялар алдында оқушыларға еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық өткізу;
оқушыларға ОТҚ аппаратурасын тасымалдауға рұқсат бермеу;
оқушылардың электрқұрылғыларды өз бетінше қосуына жол бермеу.
авариялық жағдай туындаған кезде балаларды эвакуациялау шараларын қабылдау;
болған оқиға туралы мектеп әкімшілігіне хабарлау, өрт болса 01 қызметіне жеткізу;
жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету;
оқушының кенеттен сырқаттануы кезінде медицина қызметкерін шақырып, ата-анасына хабарлау.
ОТҚ аппаратурасын электр желісінен ажырату;
оқушылардан сабаққа берілген құралдарды қабылдап алу;
олардың санын тексеру;
ОТҚ аппаратурасын және құралдарды лаборант бөлмесіне қою;
экскурсиядан кейін оқушылардың санын нақтылау;
практикалық сабақтардан кейін жұмыс орындарының жиналуын қадағалау;
кабинетті желдету;
электр жарығын өшіру, кабинетті кілтпен жабу;
сабақ барысында анықталған барлық кемшіліктер туралы әкімшілікке хабарлау.