Коммуналдық мемлекеттік мекеме "Сочинское жалпы білім беретін мектебі Атбасар ауданы білім бөлімінің Акмола облысының білім басқармасы"
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Сочинское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

   

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагогтың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Педагогтың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
2020 жылғы 22 сәуірде № 20449 тіркелген.

Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 12-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Педагогтың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту.

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1. осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2. осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

  3. Осы бұйрықтың орындалуын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктеймін.

  4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі

А. Аймағамбетов

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«____» __________ 2020 жыл


**Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің

2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығымен бекітілген**

Педагогтың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

  1. Осы Педагогтың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі туралы» Заңының 12-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленді және педагогтардың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимін білім беру ұйымдарының тиісті түрлері мен типтерінің қызмет ерекшеліктерін ескере отырып айқындау тәртібін белгілейді.


2-бөлім. Педагогтың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау тәртібі

  1. Педагогтардың жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі, оның ішінде жұмыс уақытының тәртібі және демалыс күндерінің берілуі білім беру ұйымдарының қызмет режимін (тәулік бойы болу; белгілі уақыт, маусым бойы болу; оқу сабақтарының ауысымдылығы және басқа білім беру ұйымдарының қызмет ерекшеліктері) ескере отырып айқындалады.

  2. Педагогтардың жұмыс уақыты атқаратын лауазымына және білім беру ұйымының түрі мен типіне байланысты оқу (оқытушылық) және тәрбие жұмысын, білім алушылармен жеке жұмысты, лауазымдық міндеттерінде және (немесе) оқу-тәрбие жұмысы жоспарларында көзделген ғылыми, шығармашылық және зерттеу жұмыстарын қамтиды.

  3. Педагогтарға Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес қалыпты жұмыс уақытының ұзақтығы белгіленеді.

  4. Білім беру ұйымының басшысы мен педагогтың арасында жазбаша келісім бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 70-бабына сәйкес толық емес жұмыс уақыты белгіленеді.
    Жүкті әйелдің, үш жасқа дейінгі баласы бар педагог-ата-ананың (асырап алушының) жазбаша өтініші бойынша ұйым басшысы толық емес жұмыс уақытын белгілейді.

  5. Толық емес жұмыс уақыты тәртібінде жұмыс істеу қызметкер үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын, еңбек өтілін есептеуді және еңбек саласындағы басқа құқықтарын шектеуге әкеп соқпайды.

  6. Күзгі, қысқы және көктемгі каникул кезеңдері, сондай-ақ жазғы каникулдың кезекті демалыспен сәйкес келмейтін бөлігі педагогтар үшін жұмыс уақыты болып табылады.

  7. Педагогтарға оқу жылы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес атқарылған кезең үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.

  8. Кезекті еңбек демалысы және заңнамада көзделген басқа демалыс түрлері педагогтардың жеке өтініштерінің негізінде еңбек заңнамасына сәйкес беріледі.

  9. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарында, орта білім беру ұйымдарында (үш ауысымда жұмыс істейтін және орын жетіспейтіндері қоспағанда), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.
    Ескерту: 10-тармаққа өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.09.2022 ж. № 410 бұйрығымен енгізілген.

  10. Бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін педагогтар үшін демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
    Үш ауысымда оқытатын және орын тапшылығы бар орта білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтар үшін демалыс күні – жексенбі.
    Мектепке дейінгі ұйымдарда, қосымша білім беру қызметтерін шарт негізінде көрсететін педагогтар үшін жұмыс және демалыс уақыты ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен айқындалады.
    Ескерту: 11-тармаққа өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.09.2022 ж. № 410 бұйрығымен енгізілген.

  11. Каникул уақытында алты күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін педагогтарға оқу-тәрбие жұмысы жоспарын ескере отырып, екі демалыс күні – сенбі және жексенбі бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

  12. Демалыс және мереке күндері педагогтар үшін білім беру ұйымының жұмыс режиміне, оқу жүктемесіне және оқу сабақтарының ауысымдық кестесіне байланысты айқындалады.
    Тәулік бойы немесе белгілі бір уақыт, маусым бойы жұмыс істейтін ұйымдарда педагогтарға ауысымдар арасындағы кемінде 12 сағаттық демалыс беріледі.
    Ескерту: 13-тармаққа өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.09.2022 ж. № 410 бұйрығымен енгізілген.

  13. Педагогтардың сабақтар арасындағы үзілістердегі демалысы мен тамақтану уақыты білім беру ұйымының ішкі еңбек тәртібі қағидаларымен айқындалады.

  14. Төтенше жағдай режимі енгізілген кезде педагогтың жұмыс уақыты мен демалыс уақыты тиісті нормативтік құқықтық актілерге сәйкес анықталады.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК


Текст