18.04.2026
очинское ауылындағы ОШ-те ағылшын тілі пәні бойынша оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған сурет және постер байқауы өткізілді. 8 сәуір күні “I love English” тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылып, оқушылар ағылшын тіліне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын бейнелейтін өз жұмыстарын ұсынды. Барлық қатысушылар марапат грамоталарымен марапатталды: Тастемиров Жангир, Абылкасымов Мансур, Төлеш Алтай, Жабатаева Дария және Василюк Ролан. 9 сәуір күні “English around us” тақырыбында постер байқауы өтті, онда сыныптар өздерінің креативтілігі мен командалық жұмысын көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша 3 орынға 5 және 10 сыныптар ие болды, 2 орын — 6 және 8 сыныптар, 1 орын — 7 және 11 сыныптар, ал Гран-при 9 сыныпқа берілді. Байқау жылы әрі шығармашылық атмосферада өтіп, оқушыларға жағымды әсер қалдырып, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылықты арттырды.