23.04.2026
Мектеп кітапханасының онкүндігі ағымдағы жылдың 16–23 сәуірі аралығында өтті. Бұл – 10 күн бойы ұйымдастырылатын іс-шаралар циклі, кітап көрмелері мен квесттерден тұратын, оқуды насихаттауға, кітапхана саласын дамытуға және қоғамдағы кітапханалардың рөлін нығайтуға бағытталған шара.
Бұл онкүндік «Балалар әдебиеті – рухани тәрбиенің бастауы» тақырыбында өтіп, «Ұлттық кітап күніне» арналды.
**Кітапхана онкүндігінің негізгі мақсаттары:**
• оқуға және кітапхана ісіне қызығушылықты арттыру;
• әдебиет арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру;
• аудиторияның шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту;
• білім беру және мәдени кеңістіктегі кітапханалардың рөлін нығайту;
• жаңа оқырмандарды тарту және кітапхана қызметтерін кеңейту.
