Текст
01.09.2023 жылы Атбасар ауданы ҰҚЖ қызметінің инспекторы полиция аға лейтенанты Сайдалинов Арсен Қайдарұлы Сочинское ауылының жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сынып оқушыларымен "Жасөспірімдер ортасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу" (ЖҚЕ, балалар жарақаты, кәмелетке толмағандардың әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы) тақырыбында әңгімелесті.